"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстандағы SINOPEC International Energy Investment Holdings бас директоры Чжао Цюаньминмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және жаңа мұнай-газ учаскелерін игеруді талқылады. Геологиялық барлау жұмыстары саласындағы тәжірибе, заманауи технологиялық шешімдер және салалық тәжірибелермен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Төмен көміртекті даму саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері қарастырылды. Көміртегі ізін азайтудың негізгі құралдарының бірі ретінде көміртекті пайдалану және сақтау (CCUS – Carbon Capture, Utilization and Storage) технологияларын қолдану перспективалары талқыланды.

Кездесу аясында Sinopec QazaqGaz өкілдерін CCUS бойынша халықаралық форумға қатысуға шақырды. Форум декарбонизация технологияларын енгізудің, тәжірибе алмасудың және орнықты даму саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың практикалық тетіктерін талқылау үшін сала өкілдерін, ғылыми қоғамдастық пен халықаралық сарапшылардың басын біріктіреді.