Туған жылы1977 жылы туған, Ақмола облысының тумасы.
АзаматтығыҚазақстан Республикасы.
Отбасылық жағдайыҮйленген

Білімі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, біліктілігі – «инженер-механик» (1999);

Мәскеу көлік институты, «Көлік-логистикалық жүйелердегі басқару», біліктілігі - «менеджер-логист» (2001).

Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпорынға көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі» (2002).

Еңбек жолы

1999-2000 жж. – «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы;

2000-2001 жж. – Мәскеу автомобиль-жол институтында (ГТУ) диссертациялық зерттеу жұмыстары аясында ғылыми тағылымдама;

2002-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеді: «Интергаз Орталық Азия» АҚ менеджері, бас менеджері, газ тасымалдау және маркетинг департаменті директорының орынбасары (2002-2006); «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры (2006-2008); «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарушы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары (2008-2014); «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Басқарма Төрағасы (2014-2020).

2020-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетінің «ҚазСуШар» РМК Бас директоры.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі болып табылады.

Логистика, стандарттау, сұйытылған және сығымдалған табиғи газды қолдану саласында 16 ғылыми жарияланымы бар.

Марапаттары

Кәсіби жетістіктері үшін мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталған.