Спартакиаданы өткізудің басты міндеті белсенді демалыс және қызметкерлердің денсаулығын нығайту құралы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау, компанияның тартымды имиджін қалыптастыру, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы бөлімшелерінің арасында достық қатынасты дамыту және қолдау болып табылады.
Жарыстың бағдарламасына аса танымал спорт түрлері: жағажай волейболы, минифутбол, жеңіл атлетика, жүзу, шахмат, үстел үсті теннисі және бильярд енгізілді. Спартакиаданың барлық кезеңдерінің мәресіне барлық еншілес кәсіпорындардың 200 астам қызметкері шықты. Барлығы 7 команда. Бұлар: «ҚазТрансГаз» АҚ; «Интергаз Орталық Азия» АҚ; «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ; «КазТрансГаз Алматы» АҚ; «Амангелді Газ» ЖШС; «Азиялық Газ құбыры» ЖШС; «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС құрама командалары.
Спартакиаданы аша отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали, «Біз қазірдің өзінде жеңіс туралы сөз қозғай аламыз – жеңіс дегеніміз біздің мыңдаған қызметкерлері бар ұжымымыздағы денсаулық пен рухани күш. Спорт тартысында да шыңдана түсіп, газовиктер жаңа өндірістік жетістіктерге жету жолынан да табысты өтпек. Спорттық қозғалысты дамыту және салауатты өмір салтына қызығушылық таныту жыл өткен сайын барынша маңызды болып барады, себебі «адамның денсаулығы – бұл еліміздің табысты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы». Қорыта келе Бас директор спартакиаданың барлық қатысушыларына адал әрі ымырасыз күрес, еңбекте және спортта жаңа нәтижелерге қол жеткізуге тілектестік білдірді.
Жарыстардың қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар былайша бөлінді:
1-ші орынды «Амангелді Газ» ЖШС құрама командасы, екінші орынды «Азиялық Газ құбыры» ЖШС құрама командасы, үшінші орынды «КазТрансГаз Алматы» АҚ командасы алды.
Өткен жарыстардағы тәжірибе көрсеткендей, газ саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби жұмыстарында ғана емес, командалық істе де мықты екендерін, сондай-ақ теннис ракеткасын жақсы игергендерін, волейбол мен футболды да жақсы ойнайтындарын көрсете білді.
Спартакиаданың барлық жеңімпаздарына құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы табыс етілді.
"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнайгаз саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің шешімімен 2012 жылғы шілдеден бастап "ҚазТрансГаз" АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды. Компания топтарының құрамына газды өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: +7(7172) 552316, zhumabaeva@kaztransgas.kz