Инвесторларды серіктестікке шақыру

Атауы: Қазақстан Республикасында геологиялық барлау жобаларын бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытатын компанияларға



«QazaqGaz» ҰК» АҚ (бұдан әрі - QazaqGaz) көмірсутектер саласындағы Ұлттық компания, сондай-ақ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып табылады.

QazaqGaz ашық интернет ресурстарында бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытқан барлық инвесторлар мен әлеуетті әріптестер үшін ақпарат берілгенін еске салады. 

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін газды перспективалы учаскелерді іздестіру мақсатында Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерін зерделеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Жұмыс нәтижелері бойынша перспективалы учаскелер Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Энергетика министрлігінің бұйрықтарымен бекітілетін Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасының (бұдан әрі – МЖҚББ) тізбесіне енгізіледі.

МЖҚББ учаскелерінің тізбесі екі министрліктің сайттарында ресми түрде жарияланады және кез-келген пайдаланушы үшін еркін қол жетімді.

Сонымен қатар, МЖҚББ учаскелерінің орналасуына қатысты ақпаратпен қосымша «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ сайтында, интерактивті картада танысуға болады.

QazaqGaz-ға бекітілген МЖҚББ учаскелері бойынша, Ұлттық компания осы салада тиісті тәжірибесі мен біліктілігі, сондай-ақ қажетті қаржылық мүмкіндіктері бар компаниялардан 100% кэрри-қаржыландыру талаптарында геологиялық барлау жобаларын бірлесіп іске асыру жөніндегі ұсыныстарға ашық.