"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ компаниясы.
"QazaqGaz "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддеcін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ компаниясы болып табылады.
"QazaqGaz" ҰК " АҚ геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 ж. 31.12. № 982 қаулысымен "ҚазТрансГаз" ҰК" акционерлік қоғамы "QazaqGaz" ҰК" АҚ болып қайта аталды.
"Қазтрансгаз" компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес құрылды. 2004 жылғы 9 маусымда "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы "ҚазТрансГаз"акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 қаулысымен "ҚазТрансГаз" АҚ Ұлттық компания мәртебесі берілді.
"QazaqGaz" ҰК "АҚ "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
"QazaqGaz "ҰК" АҚ компаниялар тобы жалпы ұзындығы шамамен 76 мың км газ құбырларын, оның ішінде жылдық өткізу қабілеті 267,8 млрд. м3 дейінгі 20 мың км магистральдық газ құбырларын және ұзындығы шамамен 56 мың км газ тарату желілерін пайдаланады.
Қазіргі уақытта "QazaqGaz" компаниялар тобы Қазақстанның 11 облысында және республикалық маңызы бар қалаларда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.