Бөлімде басқару құрылымы, Корпоративтік стратегия, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты және компаниядағы корпоративтік басқаруға қатысты құжаттар мен есептер туралы ақпарат бар.
QazaqGaz және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдарының қызметіне өндірістік және өндірістік емес тәуекелдер әсер етеді. QazaqGaz компаниялар тобының стратегиялық және жедел мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ оның құны мен беделіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға және төмендету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненттерінің бірі ретінде тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын түсінеді.
QazaqGaz тәуекелдерін басқарудың мақсаты - бизнестің стратегиялық және жедел тұрақтылығына ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының 2021 жылға арналған тәуекелдерді басқару бағдарламасы
Тәуекелді басқарудың эталондық моделін енгізу шеңберінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 2020 жылы ішкі бақылау жүйесін және бизнестің үздіксіздігін ресімдеуді жалғастырды.
QazaqGaz және "Интергаз Орталық Азия" АҚ 2020 жылы наурызда ішкі бақылау жүйесі мен бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген анкеталау қорытындысы бойынша, ІБЖ мен БҮР көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шаралар қабылданды.
QazaqGaz компаниялар тобының тәуекелдерін анықтау, бағалау тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асырылады. (risk.kmg.kz).
QazaqGaz және оған бағынысты ұйымдарда тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты тұлға компанияның бірінші басшысына бағынады.
2019 жылдың 2 тамызы мен 1 қазаны аралығындағы кезеңде QazaqGaz және оған бағынысты ұйымдарда тәуекелдерді басқару бойынша арнайы сұхбат жүргізілді:
2020 жылы короновирус пандемиясына байланысты, QazaqGaz және оған бағынысты ұйымдарда тәуекелдер тізілімі жасалды. QazaqGaz және оған бағынысты ұйымдардың тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-жоспарында "Табиғи әсерлер мен катаклизмдер" (Covid-19) тәуекел факторы ретінде көрсетіліп, QazaqGaz компаниялар тобының қызметіне әсері бағаланды.
Төменде QazaqGaz және оған бағынысты ұйымдардың қызметіне елеулі әсер ететін тәуекелдер көрсетілген.
QazaqGaz компаниялар тобы бойынша 24 негізгі тәуекел анықталып, QazaqGaz негізгі тәуекелдер картасында көрсетілген, оның ішінде:
Негізгі серіктес
Газды сатып алу-сату шарты бойынша газды жеткізу жолында міндеттемелерді орындамау
Тәуекелдің пайда болуы бірнеше факторларға байланысты:
Біріктірілген газ стратегиясын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдер
Аталған тәуекел келесі факторлармен байланысты:
Теңгенің АҚШ долларына қатысты ауытқуы
АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы, пайыздық мөлшерлемелер, ағымдағы сауда балансы, инфляция, экономикалық және саяси жағдайлардың өзгеруіне байланысты валюталық жоғалтулар мүмкіндігі бар.
Қаржылық және/немесе қаржылық емес шарттарды сақтамау тәуекелі
QazaqGaz өзіне бағынысты ұйым қарыз алу кезінде кепілгер болып табылатындығына байланысты, QazaqGaz қарыз шартымен анықталған қаржылық және/немесе қаржылық емес шарттарды сақтауға міндетті.
Бизнестің стратегиялық және жедел орнықтылығына ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қоғамда мынадай міндеттерді шешуге бағытталған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі жұмыс істейді:
1. Тәуекелдер жөніндегі комитеттің жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі, QazaqGaz және оның ЕТҰ мақсаттарының жетістіктеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық елеулі оқиғалар QazaqGaz және ЕТҰ тәуекелдер жөніндегі комитеттерінің отырыстарында, оның ішінде 2019 жылғы 4 тоқсандағы және 2020 жылғы 1,2 және 3 тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есептерде алқалы түрде қаралды.
2. QazaqGaz компаниялар тобының тәуекелдерді сақтандыру қорғауын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
3. Қаржылық тәуекелдер бойынша есептілік пакеті қалыптастырылды-тоқсан сайынғы мониторинг жүргізіледі:
4. 2021 жылғы сәуірден мамырға дейін жүргізілген "QazaqGaz "ҰК" АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық факторларының жолын кесу мақсатында бақылау ортасын одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.