Жамбыл облысындағы Айрақты кен орнында геологиялық барлау және газдың ресурстық базасын ұлғайту жұмыстары жалғасуда.

№ ОЦ-1 бағалау ұңғымасы 1100 м тереңдікке дейін бұрғыланып, пермь шөгінділері ашылды. Бұл жұмыстар "Айрақты кен орнын игеру" есебіне сәйкес, кен орнын қосымша барлау аясында жүргізілуде. 826-857 м тереңдікте ату-жару жұмыстары жүргізілді.

«Керемет жаңалығымыз бар. Амангелді кен орнында пермь шөгінділерінен газ тауып отырмыз. Айрақты 01 ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын аяқтадық. Оның тереңдігі – 1100 м. Енді игеру жұмыстарын бастаймыз. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Барлық жұмыстарды ақтаған соң, қорды қайта есептеу басталады»,-деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары Ұлан Бүркітов. 

Ұңғыманы игеру нәтижелері бойынша жанғыш газдың өнеркәсіптік ағыны алынды. Бұл Пермь шөгінділерін одан әрі игерудің маңызды көрсеткіші. Пермь шөгінділерінің жоғары өнімділігін және олардың стратегиялық маңыздылығын растайды.

Алдағы жоспарға сәйкес, гидравликалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ұңғыманың өнімділігі жоғары. Яғни, Амангелді кен орындары тобын одан әрі игеру үшін бұл жұмыстар стратегияық маңызды болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында және QazaqGaz-дың газдың ресурстық базасын ұлғайту стратегиясына сәйкес жүргізілуде. Айта кетейік, ұлттық компания  геологиялық барлау жобаларын қысқа мерзімде жүзеге асыру қадамдарын қамтитын нақты жоспар әзірледі.