«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына апталық инспекция жасап, өндірістік жиналыс өткізді. Жиналысқа мердігер компаниялардың өкілдері қатысты.

Мейірбек Ихсанов жұмыс барысын жеделдетуді: түнгі ауысымдағы жұмысшылар санын арттыруды, ұзақмерзімді құрал-жабдықтардың жеткізілуін жылдамдатуды, металл конструкцияларының уақтылы жеткізілуін және құрылыс-монтаж процесін тездетуді тапсырды. 

Басты жұмыстар бойынша прогресс: 

  • Бетон құю жұмыстары (Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетасы): 46 787 м³ — 62,7%
  • Металл конструкцияларының монтажы:        3 079 т — 15,4%
  • Механикалық құрал-жабдықтардың монтажы: 3 165 т — 33,7%
  • Резервуарларды монтаждау: 580 т — 21,4%
  • Жерасты құбырлар: 15 787 м — 33,8% 

Бүгінгі таңда жұмыс барысына 1800-ден астам қызметкер тартылған. Оның ішінде құрылыс барысына 1200 жұмысшы жұмылдырылған. Құрылыс басында 300 дана техника бар. 

Ауқымды жобаның қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік және еңбек қауіпсіздігінің кешенді жүйесі жұмыс істейді. Жұмысшылар үшін қауіпсіздік аудиттері мен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады. Денсаулық сақтау және персоналды сақтандыру тәулік бойы жұмыс істейді. Өрт қауіпсіздігі жеке ұйым бақылауында. Дәрігерлер мен өрт сөндірушілердің қатысуымен тұрақты түрде оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып тұрады.