Кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануды «ҚазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асыратын болады. Кен орны Тараз қаласынан 215 км қашықтықта орналасқан. Жарқұм кен орнының газ және газ конденсаты геологиялық қорлары тиісінше 1 млрд. 273 млн.м3 және 41 мың тоннаны құрайды. Құрғақ газ бен конденсаттың алынатын қорлары833 млн.м3және 26 мың тоннаны құрайды. Бұл ресурстар Жамбыл облысы үшін отын көзі ретінде 27 жыл қызмет ете алады.Өндірілетін шикізатты пайдалану тұтынушылар үшін тиімді. Ол арзанға түседі және құнарлылығы жағынан импортталатын өзбек газынан асып түседі.
«Жарқұм» кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану ресурстық базаны дамытуға және табиғи газ бен газ конденсатын өндіру көлемдерін арттыруға бағытталған.
Іс-шара шеңберінде газ жинау пункті пайдалануға берілді, газды дайындау жөніндегі қондырғы (ГДҚ) іске қосылды және өткізу қабілеті жылына 210 млн3 «Жарқұм-Амангелді (І кезегі)» газ құбыры пайдалануға берілді. Бастапқы сатыда газ 4 ұңғымадан өндірілетін болады. Жарқұм кен орнының газ жинау пунктінің атаулы жобалық өнімділігі жылына 87,6 млн.м3 немесе тәулігіне 240 м3 тазартылған газды құрайды.
«Жарқұм» кен орнының іске қосылуымен 2015 жылы жалпы өндіру көлемі 380 млн.м3 құрайтын болады. Бұл қазіргі өндіріліп отырған көлемге қосымша 20%.
Амангелді газ кен орындары тобын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыра отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ Жамбыл облысы халқының әл-ауқатын өсіруге зор үлес қоспақ. Оңтүстік өңірдің экономикалық әлеуетін өркендете отырып, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы:«Ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесінде көмірсутегі шикізатының стратегиялық «резервін» құру керек. Стратегиялық резерв ел энергетикалық қауіпсіздігінің іргетасы болады. Осылайша біз ықтимал экономикалық сілкіністер жағдайына тағы бір қорғаныс шебін құрамыз» деген міндеттерін іске асырумен компания тұтас алғанда, республиканың экономикасын дамытуға айтарлықтай ықпал етуде.
«ҚазТрансГаз»АҚ Баспасөз қызметі
+77172 552316