Жоба Мемлекет басшысының көмір кен орындарының метанын өндіру мен кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы 2010 жылғы тапсырмасы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және солтүстік өңірлерін газдандырудың баламалы нұсқаларын зерделеу мақсатында іске асырылуда.
Осы бағыт көмірсутек шикізатын өндіру саласында инновациялық болып табылады, сондай-ақ болжамды қорлары Қазақстан Республикасы отын-энергетикалық базасының баламалы құрамдасы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін маңызы зор дәстүрлі емес энергия тасымалдаушылардың бірі болып табылады.
«Осы құжаттың арқасында еліміздің солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісі бастау алды, мұның барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалуда», - деп атап көрсетті «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бас директоры Серік Сұлтанғали.
Құжатқа LeMar CA Inc. компаниялар тобынан компания президенті Leon Popik мырза, ал «ҚазТрансГаз» АҚ атынан бас директор Серік Сұлтанғали қол қойды.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: 8-(7172)-55 23 16