Компания мамандарының жедел шаралар қабылдауының нәтижесінде бір тәуліктің ішінде магистральдық газ құбырының ұзындығы 50 метрден асатын бүлінген учаскесі толығымен ауыстырылды. Осы газ құбыры бойынша газ беру қажетті тексеру жұмыстарының толық кешені жүргізілгеннен кейін ғана қайта басталды. Газ құбырына бақылау сынағы және үрлеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы сәтке Зеленый ауданының абоненттерін қосу жүргізіліп жатыр.
Осылайша Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына табиғи газ беру қалпына келтірілді.
Аварияның орнында Астанадан газ холдингінің басшылары бастаған арнайы комиссия жұмыс істеді. Газ құбырының жарылысы салдарын жою үшін 85 адам және 18 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жедел түрде авариялық қордан қажетті болат құбырлар жеткізілді. Осылардың арқасында қысқа мерзімде арнайы техника мен автоматтандырылған құралдарды пайдалана отырып, бүлінген учаскені қалпына келтіру жөнінде күрделі технологиялық жұмыстар жүргізілді.
2015 жылғы 2 ақпанда, сағ.04.08-де, Батыс Қазақстан облысындағы «Белес» және «Переметное» кенттерінің арасында «Орынбор-Новопсков» МГҚ-ның 283 км учаскесінде газ жарылысы болды. Таңғы сағ. 7.30-да өрт сөндірілді. Сағ. 4.30-да № 280 (Белес к.) және 322 (Тасқала ауданындағы Чижа к.) ысырма жабылып, оның салдарынан МГҚ-дағы газдың қысымы түсіп кетіп, Зеленый ауданындағы 9 елді мекені газсыз қалды. Тасқала ауданының елді мекендеріне газ беру жұмыстары кеше басталып, сол күні кешке қарай тұтынушылар өз үйлерін көк отынмен жылытты.
"ҚазТрансГаз" АҚ-ның Баспасөз қызметі
Тел: +77172 552316, zhumabaeva@kaztransgas.kz