Кредиттік қаражатты «ҚазТрансГаз» өзінің міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жұмсауды жоспарлап отыр.

Келісімнің маңызы мен мәнін аша отырып, Қайрат Шәріпбаев атап өткендей, компания жаһандық нарықтағы құбылмалы ахуалға қарамастан, осындай өте төмен ставкамен қарыз қаражатын тарта білді. Халықаралық банктермен қаржылық келісім бойынша осындай тартымды шарттар Қазақстанның кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығы жоғары бағаланатыны, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың қолайлы болжамдары туралы айтады.

Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы және әлемдік қоғамдастық таныған оның қолайлы инвестициялық ахуалы – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саяси бағыттың нәтижесі.

Қазақстан үшін орнықты даму мүмкіндігі көбінесе елдің мұнай-газ саласын дамыту перспектиаларымен айқындалады. Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор бола отырып, ҚазТрансГаз Мемлекет басшысы алға қойған және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі өсіруге бағытталған міндеттерді іске асыуды жалғастырады.

Аталған құжатқа қол қоюдың халықаралық кредиттік ұйымдармен әріптестік қарым-қатынастарды дамытуда компания үшін маңызы зор.

"ҚазТрансГаз" – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: 8-7172-552316

{vsig}02.03{/vsig}