Құжаттың негізгі мақсаты – ЖЖМ нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін газ мотор отынын кеңінен пайдалану.
Меморандумда сондай-ақ, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомоблиь жолы қатынастарының бағыты бойынша газ толтыру желісін құру, автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциялары желісін дамыту және компримирленген табиғи газды пайдалану үшін көлік құралдарын қайта жабдықтау пункттерін құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру көрсетілген.
Бұдан басқа, екі компанияның ғылыми және практикалық базасы оқыту және біліктілігін арттыру бойынша алмасу жолымен қызметкерлердің тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүрінгі таңда Алматы қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарына тиесілі 3 АГТКС жұмыс істейді, 2 АГТКС пайдалануға берілу сатысында.
Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС салу жөніндегі жобаны қарастыруда.
Табиғи газға көшу отынға жұмсалатын шығыстарды, бюджет шығыстарын едәуір азайтуға, жұмыс орындарын құруға және экологияға оңынан әсер етуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. 2012 жылғы шілдеден бастап компания газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: 8-(7172)-55 23 16