Таңғы сағ. 7.30-да өрт сөндірілді. Сағ. 4.30-да № 280 (Белес к.) және 322 (Тасқала ауданындағы Чижа к.) ысырма жабылып, оның салдарынан МГҚ-дағы газдың қысымы төмендеп, сол сәтке Зеленый ауданындағы 9 елді мекені газсыз қалды. Тасқала ауданының елді мекендеріне газ беру жұмыстары басталып та кетті.
«ҚазТрансГаз» АҚ басшылығымен аварияны жою жөнінде шаралар қабылданды, объектінің өртке қарсы және газдан құтқару құрамалары тартылды. Оқиға болған жерге Астанадан газ холдингінің басшыларынан құрылған комиссия ұшып барды. Жағдай бақылауға алынған. Құрбандар мен бүлінуден зардап шеккендер жоқ. Өңірге экологиялық қауіп жоқ.
«Александров Гай» КС бағыты бойынша экспортқа жіберілетін газ транзиті төмендемей, «Союз» МГҚ бойынша жүргізіліп жатқандығы туралы «ҚазТрансГаз» АҚ ресми түрде хабарлайды. Орал қаласының тұтынушыларына газ тасымалдау бітеу схема бойынша жүргізілуде. «Ростоши» ГТС (газ тарату станциясы) жұмыс режимінде істеп жатыр. «Переметное» ГТС қысқа мерзімде қалпына келтірілетін болады. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
"ҚазТрансГаз" АҚ-ның Баспасөз қызметі
Тел: +77172 552316, zhumabaeva@kaztransgas.kz