Пилоттық жобаны «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы жүзеге асырды. Орталық қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақталған. Мұнда түрлі нысандар мен тұрғын үйді газдандыру үшін құжаттар беру қызметтерін қысқа мерзімдерде көрсететін қажетті ақпараттық жүйелер біріктірілген.

Ғимаратта консультанттар, құжаттау және тіркеу, құжаттар беру секторларымен қоса «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге арналған операциялық зал бар. ХҚО қызметкерлерінің жұмысы тұрақты бейнекамера бақылауында болады, олардан адамдардың бейнелері ситуациялық орталыққа келіп түседі. Азаматтарға қолайлылық туғызу мақсатында ХҚО аумағында автотұрақ көзделген. 

ХҚО-ның басты мақсаты – өз абоненттеріне «бір терезе» қағидаты бойынша сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары Орталыққа оларды мазалап жүрген кез келген сұрақ бойынша жүгіне алады. Атап айтқанда: газдандыруға арналған құжаттарды жинау және қабылдау, тұтынылған газ үшін ақы төлеуге арналған дербес шоттарын ашу, шарттар жасасу және т.б. 

«Біздің абоненттерге қатысты осы үрдісті бізге неге қолданбасқа, өйткені оларға бұрын газдандыруға қажет құжаттар тізбесін алу үшін маманға кезекке тұру, одан кейін құжаттар тізбесін жинау, дербес шот ашу, қызметтерге ақы төлеу қажет болған. Ал қазір бәрі оңай, уақыт жоғалтпай құжат жинау рәсімдері жеңілдетілген» - деп шараның ашылу салтанатында «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ақылбай Сапаров атап өтті.

Статистикалық есептілік жүйесінде жинақталған ақпаратты талдай отырып әрі зерделей келе, мамандар халыққа қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және өзгерту жөнінде шешімдер қабылдау жылдамдығы артады деген сенімде. 

Бүгінгі күні осы өңірде 270 мыңнан астам абонент, 660 өнеркәсіптік кәсіпорын және шамамен 6 мың коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын бар. Газ тарату құбырының ұзындығы 6,5 мың шақырымды құрайды. 

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Тел: +7(7172) 552316 

{vsig}12.02{/vsig}