ҚТГ мен оның еншілес компаниялары рейтингінің артуы ҚТГ компаниялар тобының 100% мемлекеттік бас компания – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-мен байланысын асыра бағалауды көрсетеді (ҚМГ, BBB/Тұрақты).

Fitch агенттігінің пікірінше, ҚТГ 2012 жылы ие болған «ұлттық оператор» мәртебесі қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан магистральдық газ құбырларын мемлекеттік меншіктен ИОА-ның меншігіне беру, сондай-ақ ҚМГ-ның ҚТ Г-ның дивидендтік төлемдеріне деген икемді ықпалы ҚТГ мен ҚМГ арасындағы алдыңғы рейтингтерде көрініс тапқандарына қарағанда, анағұрлым күшті байланысты көрсетеді.

ҚТГ тобының рейтингтері бас компанияның рейтингінен бір саты артта қалып отыр, бұл шектеулі заңдық байланыстар жағдайында олардың тығыз өзара байланысын білдіреді. ҚМГ-ның еврооблигациялық құжаттамасында ҚТГ – елеулі рөл атқаратын білікті еншілес компания және кросс-дефолт шартына бағынады, бұл ретте ҚМГ ҚТГ-ның борышына кепілдік бермейді.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. 2012 жылғы шілдеден бастап компания газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті

Тел: 8-(7172)-55 23 16

zhumabaeva@kaztransgas.kz