Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазТранГаз» АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі 270 бала оқитын Астана қаласының арнаулы түзеу мектеп-интернатына қайырымдылық көмек көрсетті.

Компанияның атынан барлық қатысушыларға спорттық мүкәммал түрінде сыйлықтар (роликтер, скейбордтар, шеңберлер, хоккей конькилері, шаналар, мәнерлеп сырғану конькилері, теннис үстелі, спорттық төсеніштері), сондай-ақ мектеп-интернаттың кір жуатын орнына кір жуғыш машина берілді. Өз кезегінде, қонақтар үшін мектеп-интернат концерттік нөмірлер, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

Іс-шараның басты міндеті – әрбір балаға ілтипат пен қамқорлық көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

1974 жылы негізі қаланған мектеп-интернатта Даун синдромымен, балалардың церебральді сал ауруымен (БЦА), аутизммен ауыратын және басқа да ілеспе ауруларға шалдыққан балалар тәрбиеленеді.

«Бірде-бір осындай бала өз қайғысымен өзі қалмауға тиіс», - дейді «ҚазТрансГаз» АҚ-ның кәсіподақ басшысы Болат Рысмеңдиев. Бұл балаларға деген қарым-қатынас – қоғамның рухани жай-күйінің көрсеткіші. Елбасымыз науқас балаларға қатысты мейірбандық саясатын жүргізуде, бұл саясатты «ҚазТрансГаз» тұтастай қолдайды.

«ҚазТрансГаз» біздің ұсынысымызға ден қойып, біздің тапсырғанымызды әкелгендері үшін өте қуаныштымыз. Біз балаларымыздың спортпен айналысуына көмектесетін сыйлықтарға тапсырыс берген едік, - дейді арнаулы түзеу мектеп-интернатының директоры Құсайын Қаткенов.

«ҚазТрансГаздың» ізгі істерінің тарихы Компания құрылған сәттен-ақ бастау алған. Өткен жылдың өзінде жетімдерге, мүгедектерге және емдеу мен операцияға мұқтаж адамдарға жасалған қайырымдылық және демеушілік көмектің жалпы мөлшері 400 млн. теңгеден асты.

Қайырымдылық тек ақшамен және сыйлықтармен өлшенбейді, тағдырдың тәлкегімен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың қуанышты әрі бақытты күлкілері бәрінен қымбат, деп санайды «ҚазТрансГаз» АҚ-да.

«ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің шешімімен 2012 жылғы шілдеден бастап «ҚазТрансГаз» АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды. Компания топтарының құрамына газды өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін әрі оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін кәсіпорындар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: +7(7172) 552946
zhumabaeva@kaztransgas.kz