Президентке ұлттық компанияның 2024 жылғы жұмысының нәтижесі мен алдағы екі жылға жоспары туралы есеп берілді.
Газ саласының ауқымды реформасы жасалды. Ұлттық компания мега жобаларды жүзеге асыру кезеңінде.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың жыл бойына табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етілгені туралы баяндалды. 1,7 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді. Биылғы жылдың басында газдандыру деңгейі - 62,4% жеткен.
Сондай-ақ, ішкі және халықаралық бағыттарды қамтитын ауқымды жобалар іске асырылуда. Жетісу облысының 66 елді-мекенін газбен қамтамасыз ететін «Талдықорған-Үшарал» газ құбыры желілік бөлігінің құрылысы аяқталды. Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау бойынша зауыттың құрылысы басталды. Бұл жоба еліміздің мұнай-газ бағытындағы қайта өңдеу қуатын арттыруға ықпал етеді. Түрік инвесторы - ESTA компаниясының қатысуымен, құны $1,35 млрд құрайтын карбамид зауыты жобасы басталды.
Еліміз үшін ірі инфрақұрылымдық жоба – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ құрылыс жұмыстары басталуда.
Ауқымды жетістіктердің бірі - Қазақстан территориясы арқылы Өзбекстанға ресей газының транзит көлемін арттыру. Бұл өз кезегінде еліміздің өңірлік энергетикалық логистикадағы рөлінің маңыздылығын айқындайды. Бұдан бөлек, Президентке «Орта Азия-Орталық» магистралды газ құбырында жасалып жатқан күрделі жөндеудің барысы туралы ақпарат берілді.
Мемлекет басшысының геологиялық барлау жобаларын ынталандыру және газ саласына инвестициялар тартужөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі, QazaqGaz және халықаралықәріптестер арасында бірқатар стратегиялық келісімдер жасалды. Олардың ішінде "Аққұдық" және "Северный-2"учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бар. Сондай-ақ, CNPC компаниясымен 100% carry-қаржыландыру шарты негізінде "Северный-1" учаскесінде бірлескен барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім жасалды.
Мемлекет басшысына заманауи көмір химия зауыты бойынша келісімді жүзеге асыру туралы инвестиция көлемі $2млрд және өндірістік қуаты жылына 2 млрд м3 құрайтын заманауи көмір химия зауытын салу жобасының барысы туралы ақпарат берілді.
Бұдан бөлек, Президентке барлық бағыт бойынша цифрлық шешімдердің енгізіліп жатқаны туралы айтылды.Жаңа жобалардың бірі - жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін, жасанды интеллект тапсырмалары менжоғары өнімді есептеулер үшін арнайы әзірленген суперкомпьютер.
Президентке ұлттық компанияның алдағы екі жылға арналған барлық үш бағыт бойынша жоспарлары баяндалды:upstream (барлау және өндіру), midstream (тасымалдау), downstream (қайта өңдеу және газ химиясы). Олардыңқатарында жаңа газ кен орындарын ашу, газдандыру, қуаты 1 млрд м3 Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытыніске қосу, газ-химия зауыттарын салу бар.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалу, бағаны қалыптастыру және еліміздің газ стратегиясын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.