Емелина Наталья Евгеньевна – Орал қ. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Инженерлік-техникалық орталығы» еңбек филиалы бойынша нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы. Оның жалпы жұмыс өтілі 43 жылды құрайды, оның ішінде 28 жыл мұнай-газ саласында.
Гравченко Николай Николаевич – Алматы қ. «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ «Алматы газ тармағы» ЖШС-ның авариялық-диспетчерлік қызметінің слесарі. Оның жалпы жұмыс өтілі 41 жылды құрайды, оның ішінде 11 жыл мұнай-газ саласында.
Серікбаев Дәулеткелді – Алматы қ. «Азиялық Газ құбыры» ЖШС-ның күрделі құрылыс және қосу-реттеу жұмыстары департаментінің жетекші инженері. Жалпы жұмыс өтілі – 50 жыл, оның 22 жылы мұнай-газ саласында.
Решко Анатолий Владимирович – Алматы қ. «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ның өндірістік-техникалық департаментінің жетекші инженері. Жалпы жұмыс өтілі 40 жыл, оның 21 жылы мұнай-газ саласында.
Біз «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының өндіріс ардагерлеріне Компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін, сондай-ақ жас газовиктер буынына тапсыратын өздерінің мол тәжірибелері мен шеберліктері үшін алғысымызды білдіреміз.
«Еңбек ардагері» медалі 2014 ж. шілде айында ҚР Үкіметінің қаулысымен шыққан. Шешім адамның еңбектегі беделін арттыруға бағытталған. «Еңбек ардагері» медалімен экономиканың әртүрлі саласындағы қызметкерлер, 40 жылдан артық, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады.