QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов PetroChina International Kazakhstan компаниясының жаңа бас директоры Гэн Цзяньмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар қыс мезгілінде газбен үздіксіз қамтамасыз ету және инфрақұрылымның беріктігін арттыру бағытындағы іс-шараларды талқылады. Басшылар қысқы маусымда кедергілерді болдырмау үшін тәуекелдерді азайту және газды жеткізу кестесін сақтау үшін тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Санжар Жаркешов «PetroChina Kazakhstan» компаниясының жаңа бас директорына құрметін білдіріп, бұрынғы басшылыққа компаниялар арасындағы өзара тиімді серіктестік үшін алғысын білдірді. QazaqGaz бен PetroChina International арасындағы стратегиялық өзара серіктестік – аймақтық энергетикалық ынтымақтастық аясында газ жеткізудің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.