"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов Рower Central Asia + China халықаралық форумыныңпленарлық сессиясына қатысып, әлемдік энергетиканың өзекті трендтері туралы негізгі баяндама жасады. Өзсөзінде QazaqGaz басшысы жаһандық энергетика климаттық сын-қатерлермен қатар, технологиялық прогрестің,атап айтқанда, жасанды интеллекттің қарқынды дамуының әсерінен терең өзгерістерді бастан кешіріп жатқанын атап өтті.

"Жасанды интеллект қазірдің өзінде әлемдік энергия тұтыну құрылымын өзгерте бастады. Жасанды интеллектіқамтамасыз ететін деректер орталықтары энергияны көбірек пайдаланады және бұл жүктеменің едәуір бөлігітабиғи газдың көмегімен өндірілетін энергияға түседі. Бұл тұрақты газ жеткізуші және сенімді энергетикалықсеріктес ретіндегі Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті QazaqGaz басшысы.

Форум аясында үш негізгі келісімге қол қойылды: 

  • QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы және Sinopec Guangzhou Engineering Co., Ltd. құны жоғары өнімшығаруға бағытталған көмірді терең өңдеу жобаларын дамытатын көмір химиясы саласындағы технологиялықәріптестік туралы келісім жасасты.
  • QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы мен China National Chemical Engineering Corporation International(CNCECI) газ саласы үшін технологиялық шешімдер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
  • "QazaqGaz" ҰК" АҚ және China Construction Bank Corporation газ саласындағы инвестициялық жобалардықаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісті.

Қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық өзара іс-қимылын нығайтады және газсаласындағы жаңа перспективалы жобаларды іске асыру үшін негіз болады.