«QazaqGaz» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары арасында адам ресурстарын басқару саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған HR Connect іс-шарасын ұйымдастырды.
Талқыланған өзекті тақырыптардың қатарында дуальды оқыту, әлеуметтік қолдау шаралары, корпоративтік мәдениетті дамыту және жас мамандарды қолдау мәселелері болды.
Сонымен қатар, QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері «Үздік Маман» байқауы, Әйелдер клубы сияқты жобалар және басқа да маңызды бастамалар туралы айтты.
HR Connect «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларындағы кадрлық үдерістерді үздіксіз жетілдіруге және адам ресурстарын дамытуға ұмтылады. Іс-шара персоналды басқару саласындағы тәжірибе алмасу және инновацияларды енгізу үшін маңызды алаңға айналып отыр.