«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және БАӘ Өнеркәсіп және озық технологиялар министрі, AIQ Директорлар Кеңесінің төрағасы Султан Ахмед Аль Джабер стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған компания энергетика мен жасанды интеллект (ЖИ) саласында мамандандырылған. Құжаттарға Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға ресми сапары аясында қол қойылды.
Тараптар QazaqGaz нысандарында іске асырылатын екі пилоттық ЖИ жобасын іске қосуға келісті.
AR360 – нақты уақытта сараптама жасауға және кен орнын игеруді оңтайландыруға арналған цифрлық платформа. Шешім әртүрлі жерден алынған деректерді біріктіру арқылы кен орнына кең көріністі қамтамасыз етеді және AIQ деректері бойынша процесс тиімділігін 75%-ға дейін жақсарта алады.
RockInsight – жердің 3D үлгілерін дәл жасауға мүмкіндік беретін және геологиялық интерпретацияны жеделдететін ЖИ-пен жұмыс істейтін негізгі талдау қолданбасы, бұл шешім қабылдау кезінде өте маңызды.
“QazaqGaz үшін цифрлық трансформация стратегиялық басымдық болып табылады. Біз кен орындарын тиімдірек игеруге және шығындарды азайтуға көмектесетін технологияларға инвестиция саламыз. AIQ-пен келісім бізге озық халықаралық тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік береді”,-деді QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов.
QazaqGaz-бен серіктестік AIQ үшін БАӘ-де әзірленген цифрландыру технологияларын экспорттаудағы маңызды халықаралық жоба болады.
"Біздің шешімдеріміз энергетикалық процестерді тиімдірек, жылдамырақ және қоршаған ортаға зиянсыз етеді. Қазақстан нарығы келешегі зор бағыт және біз QazaqGaz-бен ынтымақтастықты бастағанымызға қуаныштымыз", - деді AIQ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Мағжан Кеңесбай.
Келісім ЖИ инструменттерін жұмыс барысына енгізуді ғана емес, цифрландыру, автономды операциялар және жасанды интеллект саласындағы тәжірибе алмасуды да қарастырады. Тараптардың пікірінше, серіктестік аймақтың энергетикалық секторындағы ауқымды технологиялық өзгерістердің негізі болады.