«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Chevron компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Дерек Магнеспен кездесті. Кездесу аясында тараптар газ саласындағы екіжақты серіктестік перспективалары туралы сөйлесті.   

Стратегиялық серіктеспен ынтымақтастықты кеңейту QazaqGaz ұлттық компаниясы, оның ішінде Қазақстанның газ саласын дамыту және ішкі газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Еске салайық, 2022 жылдың күзінде «Chevron» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы арқылы «QazaqGaz» ҰК» АҚ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Онда энергетикалық қауіпсіздік, жаңа энергетика көздеріне көшу, сондай-ақ барлау, өндіру және газ өңдеу саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелері көзделген.