"Қытай - Орталық Азия" индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында "QazaqGaz" ҰК" АҚ мен China Construction Bank Corporation арасында қаржыландыру саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Айдын Ақан және CCB Astana филиалының бас директоры Ван Сиэнминь қол қойды. 

Келісім QazaqGaz компаниялар тобының инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін Қытай банкінің кредиттік желіні ұсынуы шеңберінде тараптардың ынтымақтастығын бекітеді. 

Құжат газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту, өндірістік қуаттарды жаңғырту және газды өңдеу және экспорттау саласындағы жобаларды іске асыруға арналған негізгі бастамаларды қолдауға бағытталған. 

China Construction Bank – Қытайдың мен әлемнің ірі қаржы ұйымдарының бірі. Ұйымның Астанадағы филиалы екі ел арасындағы инвестициялық байланыстарды нығайту жөніндегі бастамалар шеңберінде қазақстандық мемлекеттік және жеке құрылымдармен ынтымақтастықты белсенді дамытуда.