Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) делегациясының Қазақстанға сапары аясында CNPC төрағасы Дай Хоулян бастаған "QazaqGaz "ҰК" АҚ мен "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ арасында Ақтөбе облысындағы "Северный-1" учаскесінде жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсімі өтті.
Құжатқа "QazaqGaz "ҰК" АҚ геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов пен СNPC-Ақтөбемұнайгаз бас директоры Ли Шуфэн қол қойды. Қол қою рәсімі "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен CNPC төрағасы Дай Хоулянның қатысуымен өтті.
Келісім серіктес тарапынан 100% carry-қаржыландыру шарттарында "Северный-1" учаскесінде бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін негіз болады.
"Северный-1" учаскесі Қазақстанда барлау үшін перспективалы газ қорларының бірі ретінде қарастырылады. Carry-Қытай тарапы жобаның бастапқы кезеңдерінде барлық шығыстарды өзіне алатын, қазақстандық компания үшін тәуекелдерді төмендететін қаржыландыру тетігі.
CNPC қазірдің өзінде кен орындарын игеру, өңдеу және экспортты қоса алғанда, Қазақстанның мұнай-газ секторында кең ауқымды қатысуға ие. QazaqGaz-пен жаңа келісімге қол қою екіжақты энергетикалық әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді.
CNPC (China National Petroleum Corporation) – Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы, Қытайдағы мұнай мен газдың ең ірі өндірушісі және жеткізушісі және әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық топтардың бірі. CNPC 30-дан астам елде активтерге ие.