2014 жылғы 4 ақпанда 7 сағат 25 минуттан бастап 12 сағат 00 минутқа дейін Өзбекстан тарапынан Қазақстан оңтүстігіне табиғи газды беру толық тоқтатылғанын еске сала кетейік. Ол Астана уақыты бойынша түстен кейін ішінара қайта жалғастырылды. Газ жеткізу көлемі сағатына 100 мың текше метрді құрады, бұл – нормадан үш есе төмен. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен жабдықтаудан ажырату болған жоқ. Оңтүстіктің екі ірі кәсіпорны – Шымкенттегі 3-ЖЭО мен Жамбыл облысындағы МАЭС ғана ішінара шектеулер- 20-30%-ға – орын алды.
С.Сұлтанғали журналистердің Оңтүстік Қазақстандағы газбен жабдықтау жағдайы жөніндегі сауалдарына жауап бере отырып, «КазТрансГаз» АҚ газ берумен мәселелер пайда болған кезде-ақ осы жағдайды бақылауға алып, тұрғындар жылусыз қалмауы үшін барлық мүмкіншілікті істеуге күш салғанын атап өтті.
Компания басшысы газ жабдықтау бұзылуының екі себебін атады – Өзбекстандағы жалпы нормадан ауытқыған суықтар мен оңтүстік аймақтары ірі кәсіпорындарының қысымның құлауына уақытында әрекет жасамауы.
«ЖЭО секілді ірі кәсіпорындар бар резервтегі отынға уақытында ауысқан жоқ, осының салдарынан газ реттеуші бекеттер автоматты түрде ажырап, газ жеке ұзақ аудандарға берілуі тоқтатылды» — деді С. Сұлтанғали.
Осыған сәйкес, «КазТрансГаз» АҚ резервттік отыны бар Оңтүстік және Жамбыл облыстарының ірі тұтінушыларына газ беруді шектеуге мәжбүр болды.
Сонымен қатар, С.Сұлтанғази хабарлағандай, «КазТрансГаз» АҚ өзбек, қытай және ресей серіктестерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Қол жеткізілген келісулер нәтижелері бойынша «Казахстан-Китай» және «БГР-ТБА» газ құбырларының арасында 2 жалғастырғыш асылды, бұл жалпы Қазақстан оңтүстгіне сағатына қосымша 550 мың м3 газ берді.
Осылайша, қазіргі уақытта ел оңтүстігінде сағатына 909 мың м3 тұтыну көлемі жағдайында сағатына 1 042 мың м3 газ қорлары қалыптастырылды. Демек, сағатына 133 мың м3 көлемінде пайда қалыптасты, бұл ОҚО мен Жамбыл облысы тұрғындары үшін газ беруді шектеуді толық алып тастауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, «КазТрансГаз» басшысы айтқандай аймақ тұрғындарын тоқтаусыз газбен жабдықтау қажеттілігі сақталып отырғандықтан, аймақтардың ірі кәсіпорындары үшін шектеу қажеттілігі сақталып отыр. Атап айтқанда, Жамбыл МАЭС-ы мен Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл ЖЭО үшін.
Сондай-ақ, С.Сұлтанғали бес жыл бұрын газ берудің осындай іркілістері ел оңтүстігіне нағыз жаппай күйреуге айналушы еді, ал бүгін бар қорлар, атап айтқанда «Бозой-Шымкент» жаңа газ құбыры газды жабдықтау жағдайын бақылауға жағдай туғызып отырғанына ерекше көңіл аударды.
«2016 жылы ұзындығы 311 км «Бейнеу-Бозой» телімі қосылғаннан кейін, ББШ магистралі толық жобалық қуатқа шығып (жылына 10 млрд м3), ел оңтүстігіне газ жеткізу сенімділігімен бар мәселелер толық шешілетін болады » — деп атап өтті «КазТрансГаз» АҚ бас директоры.
Осы уақытта «Бозой-Шымкент» жылына көлемі 2,5 млрд. м3 тасымалдауға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа магистраль қазірдің өзінде газ құбыры бойы орналасқан 500-ден астам елді мекенді газбен жабдықтауға жағдай туғызып отыр. «КазТрансГаз» АҚ өткен жылдың желтоқсанында табиғи газ өткізген Түркістан қаласы осындай бекеттердің біріне айналды.
«Түркістанға жүргізуші газ құбырын тапсырып, біз газды, былай айтқанда, үй босағасына өткіздік. Ал ішкі желілер – жергілікті биліктің жұмысы, Түркістан әкімдігі осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр”- деді С.Сұлтанғази.
Хабарланғандай, «КазТрансГаз» АҚ мұнай газ саласындағы жұмысты жүйеге келтіру үшін 2000 жылы құрылып, газды өткізу және газды барлау, шығару, тасымалдау және тарату бойынша қызметті іске асыруда. 2012 жылғы шілдеден бастап ҚР Үкіметінің шешімімен «КазТрансГаз» АҚ газбен жабдықтау саласында ұлттық операторы деп анықталды.