| Білімі | Қазақстан-Британ техникалық университеті (2002–2007), Қазақстан (тау-кенинженері). Турин Политехникалық университеті (2009–2011), Италия (мұнай-газ инженериясы магистрі). | 
| Еңбек өтілі | Бақытжан Таубаев мұнай-газ саласындағы мансабын бұрғылау жөніндегі далалық инженер ретінде бастаған. Каспий теңізінің Қазақстандық секторында геологиялық-барлау жұмыстарын жүзеге асыратын KNOC, ONGC, ЭНИ және Лукойл сияқты халықаралық компаниялармен ҚМГ-ның бірлескен жобаларында әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаментінің бұрынғы директоры, қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры қызметін атқарады. | 
| Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары | «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның төс белгісімен және грамоталарымен наградталған. | 
 
                         
                        
                     
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
     
     
     
     
    