Миссия мен пайым

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның 2032 жылға дейінгі даму стратегиясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 9 тамыздағы шешімімен бекітілген.

Қойылған мақсаттарды іске асыру тұрақты газ нарығын құруға, тізбектің барлық элементтері бойынша құндылықты барынша арттыруға, сондай-ақ ұйымның тиімділігін арттыруға және компанияның IPO-ға сәтті шығуын дайындауға мүмкіндік береді.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның Даму стратегиясы Газ саласын дамытудың кешенді жоспарына, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасына, Қордың ұзақ мерзімді стратегиясына негізделе отырып, елдің негізгі энергетикалық бағдарламалық құжаттарымен үйлеседі.

Компанияның миссиясы:

Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуы мақсатында халықтың өмір сүру сапасын арттыру, энергетикалық қауіпсіздікті және энергетикалық ауысуды күшейту үшін газдың рентабельді жеткізілімдерін тұрақты қамтамасыз ету

Компанияның пайымы:

QazaqGaz – Қазақстанның газ саласының инвестициялық тартымдылығын барынша арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатты дамыту үшін елдің газ әлеуетін ашуға ықпал ететін тұрақты газ нарығының жоғары тиімді қатысушысы

Кешенді даму стратегиясы дамудың 12 бағытынан тұрады:

Построение устойчивого газового рынка и культура бережливого потребления

  1. Тұрақты газ нарығын құру және үнемді тұтыну мәдениеті
  2. ГБЖ және өндіру
  3. Қайта өңдеу (ГӨЗ)
  4. Сауда операциялары
  5. ГТС және ЖГҚ
  6. ГТС және соңғы миля
  7. Даунстрим
  8. Операциялық және инвестициялық қызметті жетілдіру
  9. Газ саласындағы құзыреттерді дамыту және жоғары құзыретті ұйым құру (ҒТО қоса алғанда)
  10. Сандық құралдарды қолдану арқылы ұйымның тиімділігін арттыру
  11. Компанияны сәтті IPO-ға дайындау
  12. Компанияның ESG-профилін, оның ішінде QazaqGaz декарбонсыздануын дамытудың басым бағыттары