Жобаны іске асыру шеңберінде Амангелді кен орнын өнеркәсіптік пайдалану және геологиялық барлау және сейсмикалық жұмыстарды жүргізумен, қорларды есептеумен және қайта есептеумен, сынамалық пайдалану жобаларын, өндіруші ұңғымаларды салу жобаларын және кен орнын жайластыру объектілерін әзірлеумен кешенді Амангелді тобының басқа кен орындарын игеру жүзеге асырылады. Амангелді тобының кен орындарында табиғи газдың бекітілген алынатын қорлары 23 011 млн. м3 құрайды. 2008 жылдан бастап Амангелді кен орны өнеркәсіптік игеру кезеңіне өтті. Қазіргі уақытта 34 ұңғыма пайдаланылуда.