1-ші іске қосу кешені шеңберінде АГТС-2-ден "Восток" бас газ тарату пунктіне және "Оңтүстік-восток" МГР-ге газ беру қамтамасыз етіледі, 2-ші іске қосу кешені шеңберінде "Восток" МГР-ден Интернациональный, Мичурино, Куйгенжар тұрғын аудандарына және қазандықтарға газ беру қамтамасыз етіледі. 83,7 км газ құбырларын салу, 5 газ тарату блоктық пункттерін және 8 газ тарату шкафтық пункттерін орнату жоспарлануда. Барлық жұмыстар 2021 жылдың 31 тамызына дейін аяқталуы тиіс.