Туған жылы және туған өңірі1977 жылы Ақмола облысында дүниеге келген
АзаматтығыҚазақстан Республикасы
Отбасылық жағдайыҮйленген

Білімі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, біліктілігі – «инженер-механик» (1999);

Мәскеу көлік институты, «Көлік-логистикалық жүйелердегі басқару», біліктілігі - «менеджер-логист» (2001).

Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпорынға көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі» (2002).

Еңбек өтілі

1999-2000 жж. – «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы;

2000-2001 жж. – Мәскеу автомобиль-жол институтында (ГТУ) диссертациялық зерттеу жұмыстары аясында ғылыми тағылымдама;

2002-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеді: «Интергаз Орталық Азия» АҚ менеджері, бас менеджері, газ тасымалдау және маркетинг департаменті директорының орынбасары (2002-2006); «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры (2006-2008); «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарушы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары (2008-2014); «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Басқарма Төрағасы (2014-2020);

2020-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетінің «ҚазСуШар» РМК Бас директоры;

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары;

Логистика, стандарттау, сұйытылған және сығымдалған табиғи газды қолдану саласында 16 ғылыми жарияланымы бар.

Марапаттары

Кәсіби жетістіктері үшін мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталған.