Ардагерлерге гүлдер, атаулы құттықтау ашықхаттары және жалпы сомасы миллион теңгеге жуық материалдық көмек табыс етілді. Компанияның қызметкерлері бұл соманы өз күштерімен жинап, сол арқылы біздің бақытты және тәуелсіз өміріміз үшін 40-шы жылдары майданға аттанған ардагерлерге құрмет көрсетті.
9 мамыр – бұл бүкілхалықтық мақтаныш, бүкілхалықтық еске алу күні, орасан зор ерліктің, табандылықтың, Отанға деген сүйіспеншілік жолындағы сенім мен шыдамдылықтың белгісі. Біздің қымбатты ардагерлеріміз 45-ші жылы көтеріп, өмір бойы лайықпен алып келе жатқан Жеңіс туына Қазақстан халқының жас ұрпағы әрқашан қатар түзейтін болады. Олардың алдындағы біздің борышымыз өтеуге еш келмейді. Олардың сенімі мен күш-жігерлері біз үшін әрқашан отаншылдықтың жоғары өлшемі болып қала береді!