Құрылыс алаңына 1300-ден астам маман жұмылдырылған. Тікелей персонал саны - 961. Түнгі ауысымда 101 жұмысшы еңбек етеді. 346 дана құрылыс техникасы жұмыс істейді. Құрылыс алаңында қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ):
- Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, қызмет көрсету алаңдары мен технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
- Құбырдың өрт желісін монтаждау, қалыптарды орнату және іргетастарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер (НВК-2) бойынша қайта толтыру және топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде;
- Титулдар мен эстакадаларда металл конструкцияларын монтаждау және сырлау жұмыстары жалғасуда;
- Вахталық қалашық аумағында кіру топтары, НВК алаңішілік желілері бойынша жұмыстар, электр монтаждау жұмыстары және әлсіз токты желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қабырғаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде;
- №9, №10 титулдарда газгольделерге қызмет көрсететін алаңдрдың монтажы жүріп жатыр. Екі резервуарды сынау жұмыстары аяқталды;
- №43, №44, 40/1 титулдарда сыртқы қабырғалардың сэндвич-панельдерінің монтажы жүруде;
- №7 титулда күкірт шұңқырының гидравликалық сынағы мен жөндеуі жүруде.
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 61 032 м³ (прогресс 80,3%)
Металл конструкцияларын монтаждау: 11 182 тонн (55,5%)
Механикалық жабдықты монтаждау: 5 212 тонн (52,6%)
Резервуарларды орнату: 1 863 тонна (92,6%)
Жерасты құбырларын төсеу: 28 066 м (57,5%)
"QazaqGaz" ҰК" АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.