Азаматтық | Қазақстан Республикасы |
Білімі | Жаркешов Санжар Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды облысының Атасу кентінде дүниеге келген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Қаржы" мамандығы бойынша және Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжинирингі» мамандығы бойынша тәмамдаған. |
Еңбек өтілі | 2008 – 2010 жылдары «Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының» химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеушісі, Остин қ., Техас шт. (АҚШ); 2010 – 2016 жылдары «ExxonMobil» корпорациясында Калифорния, Колорадо, Техас (АҚШ) штаттарында және Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта – бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында – бұрғылау бас инженері (Сахалин аралы), Атырау қаласында – «Қашаған» жобасының мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері; 2016 – 2018 жылдары – Шотландияның Перт қаласындағы «Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженері; 2018 – 2019 жылдары – Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты (АҚШ) және Ұлыбританиядағы жобаларда «McKinsey and Company» Лондондық офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы; 2019 – 2020 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, геология саласына жетекшілік етті; 2020 жылғы мамырдан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін – «Нафтогаз УГВ» Бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары; 2022 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы. |
Басқа лауазымдар | Санжар Жаркешов Британдық Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің мүшесі, Британдық «Кәсіпқой-Инженер «Chartered Engineer» атағының иегері. |