«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары Ұлан Бүркітов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына апталық инспекция жасады.  Құрылыс алаңын аралап болған соң, мердігерлердің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды. Мердігерлер құрылыс барысы туралы есеп беріп, 2025 жылдың соңына дейінгі жоспарларымен бөлісті. Ұлан Бүркітов құрылыс басына тартылған персоналдың айтарлықтай артқанын атап өтіп, жұмыстарды әрі қарай жеделдетуді тапсырды.

Бүгінгі таңда іргетас құю, металл конструкцияларын, құрал-жабдықтарды монтаждау, РВС-5000 және РВС-1000 резервуарларын, 600м3 резервуарларды жинау,  НВК-1 және НВК-2 (су құбырлары және кәріз жүйелерінің сыртқы жүйесі) салу жұмыстары жүріп жатыр. Түнгі ауысымға 88 жұмысшы тартылған. Қауіпсіздік бойынша тұрақты аудиттер мен қызметкерлер үшін оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.  

Құрылыс-монтаж жұмысы бойынша прогресс: 

➡ Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары – 47 179 м³,  прогресс 63,2%.

➡ Металл конструкцияларының монтажы – 3 157 тонна, прогресс 15,8%.

➡ Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 3 265 тонна, прогресс 34,7%.

➡ Резервуарларды монтаждау – 609 тонна, прогресс 22,5%.

➡ Жерасты құбырларының монтажы – 15 787 м, прогресс 33,9%.

Анықтама: Жоба жүзеге асырылған соң, тауарлық газдың ресурстық базасы жылына  727 млн. м3, газ моторлы отын және органикалық синтез үшін шикізат жылына 115,5 мың. тн, мұнай-химия өндірісі үшін газ композиті жылына 17 мың. тоннаға және түйіршіктелген күкірт көлемі жылына  218,5 мың. тоннаға артады деп күтілуде.