ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, “QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасының жаңа жобалар бойынша орынбасары Батыржан Тергеусізов және “Самұрық-Қазына” АҚ мұнай-газ активтері Департаментінің директоры Иван Коротков Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Құрылыс нысанын аралап болған соң, мердігерлердің қатысуымен жиналыс өтті. Мердігерлер құрылыс барысы туралы ақпарат беріп, жыл соңына дейінгі жоспарларымен бөлісті.
Бүгінгі таңда құрылысқа 1900 астам адам тартылған, оның ішінде 1231 тікелей персоналды құрайды. Жұмысшылар үшін тұрақты түрде оқу-жаттығу жиындары мен қауіпсіздік тренингтері ұйымдастырылып отырады.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс
Бүгінгі күні орындалды:
➡ Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары – 47 596 м³, прогресс 63,75%.
➡ Металл конструкцияларының монтажы – 3 207 тонна, прогресс 16,02%.
➡ Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 3 552 тонна, прогресс 37,85%.
➡ Резервуарларды монтаждау – 710 тонна, прогресс 26,2%.
➡ Жерасты құбырларының монтажы – 16 294м, прогресс 35%.