"Қытай – Орталық Азия" индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
Құжатқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов және CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулян қол қойды. Қол қою рәсімі ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өтті.
Келісім негізгі стратегиялық бастамаларды іске асыруда бір-біріне қолдау көрсету жөніндегі тараптардың өзара байламдарын бекітті. Бастамалардың қатарында "Северный 1" учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобасы, бірлескен геологиялық барлау және көмірсутек ресурстарын әзірлеу және ғылыми-зерттеу және техникалық орталықтардың өзара іс-қимылы арқылы технологиялық әріптестікті тереңдету бағыттары бар.
Жасалған келісім тараптардың энергетикадағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, технологиялық интеграцияны қолдауға және екі елдің газ саласының тұрақты инфрақұрылымын бірлесіп құруға деген ұмтылысын растайды.