Атмосфералық ауаны қорғау

"QazaqGaz" ҰК"АҚ газ тасымалдау жүйесінің объектілерін пайдалану нәтижесінде атмосфераға ластаушы заттардың 47-ге жуық атауы бөлінеді. Бұл ретте компания кәсіпорындарының ластаушы заттардың шығарындылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерден аспайды.

Ластаушы заттардың шығарындылары негізінен жабдықтың келесі түрлерін пайдалану нәтижесінде бөлінеді: газ поршенді электр станциясы (ГПЭС), ГАА, қазандықтар, кәдеге жарату қазандығы, әртүрлі шамдар (сепараторлар, отын газын ағызу, сүзгілер мен реттегіштер және т.б.), дренаждық ыдыстар, қабылдағыштар, дизель отынын қабылдау және сақтау резервуарлары.

«QazaqGaz»ҰК» АҚ компаниясының тобы бойынша шығарындыларды басқару саясаты әзірленді және енгізілді, оның негізгі міндеті – атмосфералық ауаға әсерді азайту. Осы құжат шеңберінде Компания атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту жөніндегі мынадай негізгі міндеттерді айқындайды:

- шығарындыларды басқару тәсілін реттейтін және бүкіл компания бойынша міндетті пайдалануға арналған қағидаттарды анықтау;

- атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайту;

- өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, шығарындыларды азайту;

- табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ағып кетудің алдын алу.

Компания тобы бойынша әзірленген «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» шеңберінде 2022-2030 жылдар кезеңіне ластаушы заттардың жол берілетін шығарындыларының нормативтерін сақтау жөніндегі іс-шаралар айқындалды.

Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын бақылау мақсатында Компаниялар тобы, рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің (РШН) жобасында белгіленген нормативтерді ұстанады. Компания жоғарыда аталған жоспар шеңберінде өндірістік объектілерде де, вахталық кенттердің аумақтарында да жыл сайын ағаш отырғызуды жүргізу міндетін белгіледі.

Компания тобы бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы шеңберінде ластаушы заттардың шығарындыларына мониторинг және бағалау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Осы бағдарламаға сәйкес атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау Санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекарасында және шығарындылар көздерінде жылына 4 рет жүргізіледі. Мониторингті аккредиттелген зертхана аспаптық әдістердің көмегімен жүзеге асырады.

2022 жылы азот оксидтерін (NOx) және күкірт оксидтерін (ЅОх) қоса алғанда, ластаушы заттардың шығарындылары 16 019,07 тоннаны құрады.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның климатты өзгерту саласындағы Саясаты