ҚОӘБ

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) – Экологиялық Тұрақтылықты Қамтамасыз етудегі Маңызды Қадам.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ өз қызметінің шеңберінде экологиялық тұрақтылық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға жоғары басымдық береді. Қоғам өзі жүзеге асыратын әрбір жобаның дамуға ықпал етіп қана қоймай, табиғатқа теріс әсерін барынша азайтуға ұмтылады.

Қоғамның экологиялық тұрақтылық саласындағы жұмысының маңызды кезеңдерінің бірі қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) жүргізу болып табылады. ҚОӘБ - бұл алдағы іс-әрекеттің қоршаған ортаға ықтимал салдарын жүйелі түрде зерттеу және талдау. Осы бағалау шеңберінде қоғамдық талқылаулар арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық тыңдаулар да өткізіледі. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпарат облыстық газетте және Мемлекеттік мекемелердің хабарландыру тақтасында хабарландырулар орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде кеңінен таратылады. Нәтижесінде хаттама жасалады, ол ҚОӘБ есебіне қоса беріледі.

Қоғам ҚОӘБ-ні жүргізу Қазақстан Республикасының экологиялық стандарттары мен нормаларына сәйкес болып қана қоймай, орнықты даму жөніндегі мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылатынына сенімді. Бұл рәсім Қоғамға ықтимал экологиялық тәуекелдерді болжауға және олардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл бөлімде компанияның әртүрлі жобалары үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы есептер берілген. Қоғам мүдделі тараптардың Қоғамның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі күш-жігерінен хабардар болуы үшін осы мәселеде анықтық пен ашықтыққа ұмтылады.

Сілтемелер бойынша сіз Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының ҚОӘБ есептерімен таныса аласыз.

https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/PublicHearingDetail?hearingId=12908 

https://intergas.kz/ru/ovos/