50 мың теңге мөлшерінде қаржылай көмек алды.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директорыСерік Сұлтанғали ардагерлерді құттықтау сөзінде: «Елімізде 9 мамыр мерекесі қасиетті мейрам ретінде атап өтіледі және кейінгі ұрпақ үшін де солай болып қала береді. Біз ардагерлерімізді мақтан тұтамыз және Ұлы Отан соғысы туралы ақиқатты жадымызда сақтаймыз. Осы еркін және бейбіт өмір сүріп отырғанымыз үшін аға ұрпақ алдында борыштармыз. Олардың ерлігі – айбын мен өз халқына қажырлы қызмет ету үлгісі. Өкінішке орай, жыл өткен сайын соғыстың бар ауыртпалығы мен қасіретін бастан өткерген адамдардың саны күннен күнге азайып барады. Олардың көпшілігі қазіргі сәтте уақтылы көмек ала алмай, шалғай елді мекендерде тұрып жатыр. Сондықтан биылғы жылы «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығының шешімімен облыс және аудан орталықтарында тұратын ардагерлерді құттықтап отырмыз», - деп атап өтті.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» компаниясы жергілікті жерлерде өзінің еншілес компаниялары филиалдарның қатысуы арқылы Қазақстанның он облысында өкілдік ететінін атап өтпекпіз. Әрбір филиал ардагерлер мен қоғамның басқа да табысы аз топтарына қаржылай және әлеуметтік қолдау көрсетуде. Биылғы жылы Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының облыс орталығында тұратын жасы 90-нан 97-ге дейінгі 50 ардагер «ҚазТрансГаз» команиясынан материалдық көмекке ие болды. 

«ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 2012 жылғы шілдеден бастап «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалған. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті

Тел: +7(7172) 552946