"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі Жанболат Мирманов J. P. Morgan халықаралық инвестициялық банкінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар QazaqGaz ірі инвестициялық жобаларын іске асыруды, корпоративтік және құрылымдық қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. J. P. Morgan өкілдері ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты және Компанияның стратегиялық жобаларын қолдау үшін әртүрлі қаржыландыру құралдарын қарастыруға дайын екендіктерін білдірді. J. P. Morgan-инвестициялық банкингке, корпоративтік қаржыландыруға және халықаралық қаржы нарықтарында капитал тартуға маманданған жетекші халықаралық қаржы институттарының бірі.