12-14 қазан аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орайластырылған «Самрұқнама» акциясы аясында Астананың үш мектебінде «Қауіпсіздік мектебі» өтті. Сабаққа №23 мектептің, №32 және №90 мектеп-гимназияларының 4-6 сынып оқушылары қатысты.

Дәріскерлер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жас қызметкерлер орталығына кіретін «QazaqGaz» ҰК» АҚ мамандары сөз сөйледі. Интерактивті сабақтарда оқушылар қауіпсіздіктің төрт бағытын: жеке, жол, қоғамдық және интернет қауіпсіздігін талқылады.

Практикалық тапсырмалар мен өмірден алынған мысалдар балаларға қауіп-қатерді тануға, тәуекелдерді бағалауға және дұрыс әрекет етуге үйренуге көмектесті.

Жобаның басты мақсаты: балаларда ерте жастан қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетінің негізін қалау.

Ынтымақтастық үшін мектеп әкімшілігі мен педагогтарға, белсенділігі мен қызықты сұрақтары үшін оқушыларға алғыс айтамыз!

Қауіпсіздік балалықтан басталады!