"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Абзал Қисметовтің төрағалығымен өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Басқарушы комитеттің отырысы өтті.
Отырыс 2026 жылдың тоғыз айындағы өндірістік қауіпсіздік саласындағы компаниялар тобының жұмыс қорытындыларына арналды.
Күн тәртібі шеңберінде хаттамалық тапсырмаларды орындау, газ тарату объектілерінің, автокөлік пен арнайы техниканың қысқы кезеңге дайындығы, сондай-ақ көлік қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Оқиғалардың себептерін талдауға, олардың қайталануының алдын алу шараларына, еншілес ұйымдардың өзара іс-қимылына және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басшылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Отырыс өндірістік бөлімшелерді онлайн-қосумен күндізгі форматта өткізілді.