"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) президенті Чжоу Синьхуаймен кездесу өткізді. Тараптар стратегиялық әріптестікті дамытуды, бірлескен жобаларды іске асыруды, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді және Қазақстанның газ саласы үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылады. Әлібек Жамауов CNPC-мен көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, QazaqGaz-дың өзара тиімді бастамаларды іске асыруға деген қызығушылығын және одан әрі өзара іс-қимылдың маңызды әлеуетін атап өтті. "Северный-1" геологиялық барлау жобасын іске асыруға, сондай-ақ жаңа учаскелерді зерделеу және бірлескен инвестициялық бастамаларды іске қосу перспективаларына ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға және Қазақстанның газ саласын одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.