Бүгін Radisson Astana Отельде Қарашығанақ жобасы бойынша әріптес компаниялар мен «ҚазРосГаз» ЖШС арасында қолданыстағы сатып алу-сату туралы шарттың қолданылу мерзімін 2038 жылғы қаңтарға дейін ұзарту туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қол қою рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы С.М. Мыңбаев, «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.И.Медведев, «ҚазТрансГаз» АҚ Қ.Қ.Шәріпбаев, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." Бас директоры Ренато Мароли, «Газпром экспорт» ЖШҚ Бас директоры Бурмистрова Е. және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары Д.Ә.Берлібаев қатысты.

Аталған шартты ұзарту Қарашығанақ кен орнын жалғасып отырған игеруде маңызды қадам болып табылады және келісімшарттық кезеңнің соңына дейін Орынбор газ өңдеу зауытына қосымша 120-135 млрд текше м газ жеткізуді білдіреді, бұл Қарашығанақ жобасы бойынша әріптес компаниялар мен Қазақстан Республикасы үшін қосымша пайданы қамтамасыз етеді.

Шартты ұзарту шикі қарашығанақ газы үшін сенімді өткізу нарығына кепілдік болып табылады, бұл ОСРП-ның бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде мақсаты сұйық көмірсутектер мен газды өндіру көлемдерін ұлғайту КРО-ның ұзақ мерзімді кезеңде жобаларды іске асыруды уақтылы бастауына мүмкіндік береді. Бұл ҚР бюджетіне қосымша кіріс түсуін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, шартты ұзартудың маңызды нәтижесі Қазақстанның ішкі нарығына газды, оның ішінде айырбас (СВОП) операциялары жолымен ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік болып табылады.

Қарашығанақ жалпы көлемі Қ$19 млрд. астам инвестицияларымен Қазақстанда ірі халықаралық жобалардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ресейлік Орынбор газ өңдеу зауытына экспортталатын тазартылмаған газдың көлемі жылына 8 млрд текше м. астамды құрайды.