Салтанатты іс-шараға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Айдосов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының директоры Шыңғыс Бұхарбаев, Мақтаарал ауданының әкімі Серік Тұрбеков, жұртшылық өкілдері қатысты.
Мырзакент кентіне көгілдір отын беру аумағында 300 мыңнан астам халық тұратын ОҚО Мақтаарал ауданын ауқымды газдандырудың басы болып табылады. Ауданда барлығы 182 елді мекен бар, жыл басында оның тек 26-сы ғана газдандырылған болатын.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 130 километр, оның ішінде:
- Қарақай ауылдық округінде 66,039 км;
- Атамекен ауылдық округінде 36,124 км;
- Жылысу ауылдық округінде 27,841 км газ құбыры салынып, қазір пайдалануға дайын.
Үйішілік газдандыру жүргізіліп, алғашқы 30 үйге көгілдір отын кіргізілді. 2014 жылдың соңына дейін көгілдір отын 200 абонентке немесе Мырзакент кентінің 100-ден астамтұрғынына жеткізіледі.
Іс-шара шеңберінде ОҚО Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданын газдандыру саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Газ беру рәсімінде Ғалым Айдосов бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 7 мыңнан астам кәсіпорын және 240 мыңдай үй көгілдір отын игілігін көріп отыр, ал бұл облыстың миллионнан астам тұрғыны екенін атап өтті. Сондай-ақ, кент тұрғындарына арнап өңірді газдандырудың оң серпінін сақтау үшін компания барлық күш-жігерін салатынын айтты. Табиғи газ экономиканы дамыту үшін едәуір жігер беріп, ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға ғана емес, сайып келгенде, өңірдің елді мекендерін дамытуға да түрткі болады.
2020 жылға қарай компания ОҚО Мақтаарал ауданының бүкіл халқын табиғи газбен 100 пайызға қамтамасыз ете отырып, ауданды газдандыруды аяқтауды жоспарлап отыр.