«QazaqGaz» ҰК» АҚ Satbayev Университетінің Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, сондай-ақ ҚБТУ энергетика және мұнай-газ саласы факультетінің студенттеріне атаулы стипендиялар тағайындады. Арнайы байқау жарияланып, оған 110 астам өтінім келіп түсті.

Өтінімдерді қарастыру кезінде білім алушының орташа балы, қоғамдық және ғылыми қызметке қатысуы ескерілді. Әлеуметтік осал санаттағы студенттерге ерекше назар аударылды.

Іріктеу конкурсының және өткізілген сұхбаттың нәтижелері бойынша комиссия 12 студентті таңдады.

Satbayev University

1.         Хасен Диас Асқарұлы

2.         Тұрысбек Сымбатбек Ризабекұлы

3.         Жақсылық Диас Ерболұлы

4.         Амантаев Диас Қанатұлы

5.         Айдарбекова Жанерке Маралқызы

6.         Рысбаев Айдын Абдуллаұлы

ҚБТУ

1.         Әділова Диана Сахитжанқызы

2.         Саматов Асылбек Саматұлы

3.         Табурова Ситор Нематовна

4.         Спивакова Ирина Александровна

5.         Буртебаева Диана Дәуренқызы

6.         Сандижанов Дастан Нұрланұлы

28 тамызда «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов компанияның бас офисінде атаулы стипендия иегерлерімен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде ол студенттерді құттықтап, өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге оқу жылының сәтті өтуін тіледі.

«Біз үшін отандық газ өнеркәсібі жоғары білікті кадрлармен толықтырылғаны маңызды. Сондықтан біз олардың академиялық жетістіктерін қолдау үшін ең жақсы студенттерді таңдадық. QazaqGaz атаулы стипендиясы Қазақстандағы бакалавриат студенттері үшін ең үлкен стипендия екендігін атап өту қажет», – деді Ұлттық компания басшысы.

Бұдан бұрын «QazaqGaz» ҰК» АҚ «QazaqGaz ҒТО» ғылыми-техникалық орталығы құрылғаны туралы мәлімдеген болатын. Бұдан басқа, QazaqGaz студенттерді тағылымдамадан өтуге шақыратын болады. Үздік студенттерге өндірістік лауазымдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Компанияның міндеті – ғылымды, инновация және өндірісті интеграциялау болып табылады. Профессорлардың, оқытушылар мен мамандардың соңғы технологиялық әзірлемелерін жұмыста қолдану, сондай-ақ газ саласындағы қазақстандық ғылымды коммерцияландыруды дамытуды жоспарланып отыр.