Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйелерді біріктіруге және қысқа мерзімде «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған. Орталық бір мезетте 50 адамға қызмет көрсете алады. Ал құжаттар дайын болған кезде өтініш берген адамның ұялы телефонына СМС-хабарлама жіберіледі.
Мамандандырылған ХҚКО басты мақсаты – өз абоненттеріне сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары өздерін мазалаған кез-келген мәселе бойынша хабарласа алады. Дәлірек айтсақ, газдандыру үшін қажет құжаттарды әзірлеу, тұтынылған газ үшін төлем жасауға мүмкіндік беретін жеке есеп-шот ашу, шарттарды әзірлеу және т.б.
Жаңа орталық тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді барынша оңтайландырады. Азаматтарға қолайлы болу үшін ХҚКО күту залы, кеңес беру, құжаттандыру және тіркеу бөлімі, сонымен қатар дайын құжаттарды беру секторы ашылған.
Жалпы саны ХҚКО 26 қызмет түрі көрсетіледі.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі
Тел.+7-7172-55-23-16