Хабарда айтылғандай, осының алдында Тбилисиде өткен кезекті Қазақстан-грузин екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмысы барысында «ҚазТрансГаз» АҰ мен «Банк Грузии» АҚ арасында Бітімгершілік келісімге қол қойылған болатын, оған сәйкес   «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ның 10 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі айыппұлдар мен пайыздар бойынша борышы есептен шығарылды.

Даулы сәттерді реттеу бағытындағы тағы бір маңызды қадам - «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ның Грузия Қаржы министрлігі алдындағы 2008-2009 жж. газ бергені үшін «Корпорация нефти и газа Грузии» ЖШҚ алдында қалыптасқан 34 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі борышын қайта құрылымдау туралы уағдаластық болды.

2009 жылы «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ Кутаиси қаласы сотының шешімімен  «Корпорация нефти и газа Грузии» ЖШҚ-ның бастамашылығы бойынша Арнайы Басқарушы енгізілген болатын.

Қазақстан Республикасындағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, қол жеткізілген уағдаластықтар сындарлы әріптестікті одан әрі дамытуда тараптардың ортақ мүдделілік танытуларын білдіреді және Грузияның газ саласындағы стратегиялық бизнес-жоспарларын іске асыруға жол ашады деп санайды.